Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Рафаэль Гросси Тегеран мен Вашингтонның Иранның ядролық мәселесі бойынша жанама келіссөздерінің жалғасуын жақсы белгі деп бағалады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси бұл туралы сәрсенбі күні Венада АҚХА-ның мамандандырылған семинарында журналистер алдында сөйлеген сөзінде айтты.
Рафаэль Гросси Оманның арағайындығымен өтіп жатқан Тегеран мен Вашингтонның Иранның ядролық мәселесі бойынша жанама келіссөздерінің барысы туралы: “Келіссөздердің түпкілікті нәтижесін бағалауға әлі ерте. Алайда, кездесулердің жалғасуы — тараптардың келісімге келуге ұмтылыстарының белгісі”, — деді.
АҚХА Бас директоры сөзінің жалғасында орынбасарларының бірінің Тегеранға кеткенін растады.
Мұның алдында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи Гроссидің орынбасары Иран мен АҚХА арасындағы тұрақты ынтымақтастықты талқылауды жалғастыру үшін Тегеранға келетінін хабарлады.



















