МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездесуді Теһранға жасаған сапарының маңызды бөлігі деп атады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Рафаэль Гросси X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Пезешкианмен кездесу менің Иранға сапарымның маңызды бөлігі болды», — деп жазды.
Ол жазбасының жалғасында: «Осы кездесуде мен Иранның жаңа үкіметінің жоғары басшылығымен кездесіп, олардың пікірін тыңдап, халықаралық күн тәртібіндегі ең күрделі мәселелердің бірін шешу жолында өз көзқарасым мен күш-жігерімді түсіндіруге мүмкіндік алдым.”
Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесу МАГАТЭ бас директорының Иранға сапары аясындағы үшінші кездесуі болды.
Пезешкян осы кездесуде: «Иран Ислам Республикасы ядролық технология саласындағы ұмтылысы МАГАТЭ-нің нормативті базасы мен рұқсаттарына толығымен сәйкес келеді»,-деді.
















