Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның ядролық келіссөздерде шынайы екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси кеше, сәуірдің 23, сәрсенбі күнгі сөзінде: «Тегеран мен Вашингтон арасында келіссөз өтетіні жақсы. Мен Америка Президентінің Батыс Азия істері бойынша арнайы өкілі Уиткоффпен байланыстамын. Иран мен Америка келіссөздерінің қандай нәтижеге жететінін білмеймін.
Агенттік Иран мен Америка арасындағы жасалуы мүмкін келісімнің жүзеге асырылуын тексереді. Осы екі ел келісімге қол қойса, Агенттік оның орындалуын растайды. Келісімнің беделі артуы үшін қолдауға әзірміз. Иран тарапы ядролық келіссөздерде шынайы. Келісімге қол жеткізуге талпыныс жасауда. (Алайда. Ред.) Біз Иран мен Америка келіссөздерінің бір бөлігі емеспіз», -деді.
Еске салайық, Иран Ислам Республикасы мен АҚШ арасындағы санкцияларды жою және ядролық бағдарлама тақырыбы туралы Масқатта өткен жанама келіссөздердің бірінші кезеңі сәуірдің он екісі күні аяқталды. Екінші кезеңі Италияның астанасы Римде сәуірдің жиырма бірі күні өтті.












