Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен келіссөз жүргізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси мен Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында кездесті.
Бұл туралы Гросси X әлеуметтік желісінде: “Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы аясында Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасына қатысты кеңесті жалғастырдым”, – деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрлігі Telegram арнасында келіссөздің қорытындысы бойынша мәлімдемеде жариялап: “Кездесу барысында Иран мен Агенттік арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы талқыланды”, – деді.
Аббас Арақчи кездесу барысында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дағдарысты реттеуде қандай да бір ілгерілеуге тек барлық тарап жауапты көзқарасқа ие болған жағдайда ғана қол жеткізуге болатынын атап айтты.



















