Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында бүгін, 23 қыркүйекте Орталық Азия елдерінің ІІІ Парламентаралық форумы өтеді.
Еуразия Тудейдің Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенеш баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 23 қыркүйек күні Орталық Азия елдерінің ІІІ Парламентаралық форумы “Орталық Азия елдерінің парламенттері: аймақты кешенді дамытудың тиімді шешімдері” тақырыбында өтеді.
Шараға Орталық Азия елдерінің Парламент басшылары қатысады.
Форумның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, көші-қон үдерістерін реттеу және цифрлық ортаны дамыту мақсатында Орталық Азия елдері арасында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту.
ІІІ Парламентаралық форумы барысында “Көші-қон және еңбек ағыны: азаматтардың құқықтары мен экономикалық тұрақтылықты заңнамалық қамтамасыз ету”, “Орталық Азия елдерінде инвестициялық ахуалды жақсарту және экономикалық ашықтықты арттыру бойынша заңнамалық шаралар” және “Парламенттер мен цифрлық егемендік: киберқауіпсіздік, цифрлық ортаны реттеу” сияқты тақырыптар талқыланады.
Айта кетейік, Орталық Азия елдерінің Парламентаралық форумы 2023 жылы Қазақстанда, 2024 жылы Өзбекстанда өтті.




















