Атом электр станцияларын салу және пайдалану кезінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қандай қауіпсіздік стандарттары сақталуы керек? Агенттік мүше елдерге бұл үдерісте қалай қолдау көрсетеді?
Еуразия Тудейдің 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл және басқа да сауалдарға Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси жауап берді.
Әлемде жасыл экономиканы дамытуда атом энергетикасының рөлі қандай?
Гросси: Бүгінде бүкіл әлемде экономиканың тұрақты дамуы үшін қажет энергияны алуда әртүрлі елдер қолданатын әдістерге қатысты жаһандық мәселе бар екені белгілі. Біз ұзақ уақыт бойы климаттың өзгеруінің белгілерін, жаһандық жылынуды және атмосфераға СО2 шығарындыларының жағымсыз салдарын байқадық. Әрине, елдер осы шығарындылардың салдарын азайтуға тырысатын жолдар мен әдістерді және қазір өмір сүруге қажет энергияны өндіру жолдарын іздейтіні ешкімді таң қалдырмайды. Бұл климаттың өзгеруі туралы халықаралық конвенция және халықаралық деңгейдегі басқа күш-жігер арқылы бірқатар саясат пен халықаралық мәлімдемелердің жасалуына әкелді. Декарбонизацияға қол жеткізіп, атмосфераға зиянды көмірқышқыл газын шығаруды айтарлықтай азайту үшін бізге жай ғана атом энергиясы қажет екендігі ғылыми дәлелденгенін атап өткім келеді. Біз елдердің өндіру үшін энергия түрлерінің неғұрлым тиімді және тұрақты қоспасын іздейтінін көреміз. Ал осы біріктірілген аралас энергетикалық жүйелерде атом энергетикасының рөлі өте маңызды.
Климаттың өзгеруінің жаһандық бейнесі әрбір елдің өз бағалауына, қажеттілігіне және мақсатқа жету қабілетіне байланысты 2030 немесе 2050 жылдарға қарай көміртексіздендіруге қол жеткізу маңызды екенін көрсетеді. Біз мұны Солтүстік Америкадан, Еуропа мен Азиядан, Латын Америкасынан жақсы көреміз, тіпті Африка Мысыр мен Оңтүстік Африкада маңызды жобаларын жүргізіп отыр. Тіпті «Гольф елдері» деп аталатын елдер де осыған қарай келе жатыр. Бұлар мұнай мен газдың үлкен қорларына болғанына қарамастан, атом энергетикасын дамыту жолдарын іздейді деп ойламайтын елдер. Оны кейбіреулер дағдарыс деп те атайтын халықаралық мәселе бар. Біз қоршаған ортаға зияны аз «жасыл» энергия деп аталатын таза энергияны іздеуіміз керек.
Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жоспарын және біздің еліміздің көміртексіздендіру жоспарын қалай бағалайсыз?
Гросси: АҚХА Қазақстанмен, сонау Кеңес заманында атом энергиясы бар және оны тұтынатын елдің бір бөлігі болған Қазақстанмен көптен бері жұмыс істеп келеді. Бұл маңызды болды, өйткені ол технологиялық базаны құрады. Бүгінде Қазақстанда технологияны білетін, оны қолдануда өте тәжірибелі мамандар көп. Дегенмен, бүгінде сіздің еліңіз өз атом энергиясын өндірмейді. Бірақ атом энергетикасы саласында жаңа жобасы бар. Мен сіздің елдің Президентімен кездесіп, осы мәселені талқылау мүмкіндігі мен құрметіне ие болдым. Мен АҚХА сіздің еліңізге кеңес берді деп айта аламын. Біздің алдымызда сіздің елге алға басу үшін қажет ядролық, институционалдық және реттеуші инфрақұрылымды анықтау және анализ жасау миссиясы тұрды. Сондай-ақ, биылғы жылы біз сіздердің елдегі қазақстандық ядро саласының ғалымдарымен бірлесіп, түрлі тренингтер мен кездесулер өткізіп жатырмыз. Осылайша, егер осы жоба бойынша оң шешім қабылданса, Қазақстанның ядролық энергия өндірісін енгізу жөніндегі күш-жігерін сүйемелдеуге және қолдауға дайындалудамыз.
АҚХА мүше елдерге атом энергетикасы инфрақұрылымын дамытуға қалай көмектеседі?
Гросси: Әртүрлі жолмен, тағы да елге, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне байланысты. Жалпы, біз кеңес беріп, тренингтер өткіземіз. Бізде «milestones» деп аталатын құрылымдық әдістемелік тәсілге негізделген бағдарлама бар. Ол атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданған сәттен бастап, оның басталуына дейін ел орындауға міндеттенетін 19 түрлі кезеңнен тұрады. Бұл осы кезеңдердің барлық траекториясы арқылы алғашқы шешімді саяси деңгейден атом электр станциясын іске қосуға дейін жеткізу үшін көптеген салада жүзеге асырылуы тиіс қадамдар, шаралар, шешімдер мен әрекеттерден тұрады. Біз бұл модельді Біріккен Араб Әмірліктерінде сәтті қолдандық. Атом энергетикасында тәжірибесі нөл бұл ел 10 жылға жетер-жетпес уақыт ішінде төрт атом электр станциясын салды. Ал қазір олар осы елдегі барлық электр энергиясының 25 пайызын өндіреді.
Агенттік Қазақстанның елдегі бірінші атом электр станциясын салу және пайдалану жөніндегі жоспарларын қалай қолдайды?
Гросси: АҚХА сіздің елдегі қажетті инфрақұрылымды бағалау процесін бастап, біздің мамандар мен сарапшылар қорытынды есеп алды. Онда Қазақстанның өз ядролық бағдарламасын іске қосу үшін қажетті негізі бар екенін анықтады. Біз сондай-ақ, елдегі қауіпсіздік стандарттарының қолданылуын талдап, бастапқыда оң көзқарасқа келдік. Енді Қазақстан елдің осы бағытта дамығысы келетінін шешуі керек. Бұл жаңа кезеңді ашады: қандай технологияны таңдайсыздар, атом электр станциясының көлемі қандай болады? Бұл өте маңызды шешімдер. Және бұл өз кезегінде біз көрсететін қолдаудың түріне әсер етеді.
Айта кетейік, сіздің елдің ядролық бағдарламаны бастаған басқа елдерге қарағанда тәжірибесі көп. Сіздің еліңіз бұл салаға тарихи түрде араласты. Бүгінде Қазақстанда төмен байытылған уран банкі жұмыс істейді. Оны нарық қажет болған жағдайда немесе уран жеткізілімдері жетіспеген жағдайда пайдалануға болады. Жалпы алғанда, Қазақстан өз тәжірибесінен пайда көреді. Бұл шешім қабылданған жағдайда өте пайдалы болады. Бұл тәжірибе процестің басқа елдерге қарағанда бірқалыпты және жылдам өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Атом электр станцияларын салу және пайдалану кезінде елдер қандай физикалық қауіпсіздік пен қауіпсіздік стандарттарын ұстануы керек?
Гросси: Ядролық ғылым, технология және оны қолдану әдістері — қоршаған ортаны, жұмысшыларды және қоғамды қорғау бойынша көптеген нақты шараны қажет ететін қызмет. Ядролық қызметтердің көпшілігі қауіп-қатер тудырмайды. Бірақ сіздің елде атом электр станциясы болған кезден бастап атомдық материалдардың үлкен көлемі, соның ішінде стансаға қуат беретін төмен байытылған уран пайда болады. Оны қорғау керек. Мұнымен АҚХА құрамындағы елдер де, жаһандық деңгейдеге басқа елдер де көп жылдар бойы жұмыс істеп келеді. 70 жылдан астам уақыт бойы біз бүкіл әлем бойынша коммерциялық ядролық қызметпен жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде біз қауіпсіздік стандарттары, электр станциясының жұмысы, ядролық қалдықтарды басқару және ядролық материалдарды тасымалдау бойынша кеңестер, комитеттер өткіздік. Атом электр стансасын пайдаланумен байланысты кез келген іс-әрекет нысандарда физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте қатаң қауіпсіздік стандарттары мен ұсынымдарға бағынады.
Германия сияқты көптеген елдер бүгін атом электр станцияларын жауып жатыр. Бұл бүкіл Еуропалық Одақтың энергетикалық дамуына қалай әсер етуі мүмкін?
Гросси: Германия — соңғы кездері осылай жасап жатқан санаулы елдердің бірі. Бұл Германия үкіметі қабылдаған заңды шешім болды. Көптеген елдер мұны істей аламыз деп ойлағанымен олар өз көзқарастарын өзгертті. Неліктен? Өйткені қолда бар технологиялар мен қолданылатын қауіпсіздік стандарттарына неғұрлым байыпты баға берілді. Жоғарыда айтқанымдай, жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі және оған қарсы не істеу керектігі сияқты мәселелер атом энергетикасына деген қызығушылықты арттырды. Ядролық энергетика жаңартылатын энергия көздерімен қатар технологиялардың бірі ретінде «ЕО таксономиясы» деп аталатын топқа енді. Бұл маңызды және басқа қолданыстағы технологияларға қарағанда ерекше немесе төтенше проблемалар туғызбайды. Сондықтан ол қаржылық және институционалдық елдердің қолдауына ие. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Былтыр желтоқсан айында өткен соңғы конференцияда Климаттың өзгеруі туралы конвенция атом энергетикасын дамытуды жеделдету керек деген халықаралық консенсусқа қол жеткізді. Менің ойымша, мұның бәрі бүкіл энергетикалық ландшафттың бір бөлігі және оның бүкіл әлем бойынша өсуі ядролық энергетика Қазақстан үшін тұрақты экономиканы дамыту атом энергиясын пайдаланатын елдердің отбасына қосылудан басқа жақсы ұсыныс жоқ екенін көрсетеді деп ойлаймын.
Дереккөзі: 24.kz
















