БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемнің көшбасшыларын Рамазан айының жанашырлық пен бейбітшілік үшін әрекет ету уақыты болуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.
Антониу Гутерриш Нью-Йоркте өткен брифингте қасиетті Рамазан айында Газада өлтіру, бомбалау мен қантөгіс жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Ол Рамазан айын бүкіл әлем мұсылмандары бейбітшілік, келісім және ынтымақтастық құндылықтарын тойлап, тарататын кезең деп атады.
БҰҰ басшысы Израильдің Рафахқа шабуыл жасау қаупі газалықтарды «тозақтың одан да терең шеңберіне» түсіруі мүмкін екенін ескертті.
2023 жылғы 7 қазанда Хамас Газа секторы арқылы Израильге әуе мен жер және теңізден шабуыл ашып, оны «Әл- Ақса тасқыны» деп атады.
Израиль қорғаныс күштері де жауап ретінде «Темір қылыштар» әскери операциясын жариялап, Газаға әуеден соққы беріп, аймаққа құрлықтан шабуыл бастады. Осылайша Газа секторында жағдай ушығып кетті.
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан осы уақытқа дейін 30 534 палестиналық қаза тауып, 71 920 адам жарақат алды.



















