Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Әзірбайжанға келді.
Еуразия Тудейдің TDH агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Әзірбайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Гурбангулы Бердімұхамедовтің сапары барысында Түркіменстан мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Айта кетейік, Әзірбайжан мен Түркіменстан арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың 27 ақпанында орнатылды.



















