БҰҰ Бас хатшысы Газа секторындағы төрт сионистік тұтқынды босату үшін оккупациялық режим армиясының жүздеген палестиналық бейбіт тұрғынды өлтіруі мен жарақаттауын айыптады.
Еуразия Тудейдің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дюжаррик Антониу Гутерриштің Израильдің төрт сионистік тұтқынды босату үшін Газа секторының орталығындағы ан-Нусейрат босқындар лагеріне жасаған операциясы кезінде 300-ге жуық палестиналық бейбіт тұрғынның өлтірілуін және тағы жүздеген адамды жарақаттауын айыптағанын мәлімдеді.
Стефан Дюжаррик : «Израиль операциясынан кейін бұл аймақтағы ауруханаларда жарақат алғандардың саны көбейді. Израильдік тұтқындарды босатудың ең жақсы жолы -келіссөздер жүргізу және екі мемлекеттің қатар өмір сүруі туралы шешімді жүзеге асыру әрекеттеріне қайта оралу», — деп баса айтты.
БҰҰ өкілі Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды қолдаудың маңыздылығын атап, халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау керектігін қуаттады.
Стефан Дюжаррик Anadolu агенттігі тілшісінің израильдік сарбаздардың операция кезінде гуманитарлық көмек тасымалдайтын жүк көліктерімен ан-Нусейрат босқындар лагеріне басып кіруі туралы сұрағына берген жауапта бұл жөнінде нақты ақпараттың жоғын айтты.
Сионистік режимнің сенбі күнгі Газа секторының орталығындағы ан-Нусейрат босқындар лагері мен оның айналасына жасаған әуе шабуылдарынан 274 палестиналық қаза тауып, 698-ден астам палестиналық ауыр жарақат алды.
Израиль армиясы операциядан кейін өзінің төрт тұтқынын ан-Нусейрат лагерінен босатқаны туралы хабарлады.
Дюжаррик Гутерриштің Газадағы атысты тоқтату туралы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын қолдайтынын мәлімдеп: «Біз бейбітшілікті сақтау және Газадағы соғысты тоқтату, Израиль тұтқындарын босату және Палестина халқын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деп баса айтты.
8 маусым күні таңертең Израиль армиясы Газа секторында ең ауыр операциялардың бірін жүргізді. Нәтижесінде сионистік режим күштері Газа секторында 2023 жылдың 7 қазан айынан бері кепілге алынған төрт тұтқынын босатты.



















