Халықаралық Амнистия ұйымы Америка Үкіметінің Бениямин Нетаньяхуды қабылдауын айыптады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Халықаралық Амнистия ұйымы мәлімдеме жариялап, Америка Үкіметінің Халықаралық Қылмыс Соты тарапынан “соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыс жасады” деген айыптармен қудалауда жүрген сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуды қабылдауын айыптады.
Осы мәлімдемеде: “Америка Халықаралық Қылмыс Соты қудалап жүрген Нетаньяхуды қабылдау арқылы халықаралық әділетке мән бермейтінін көрсетті.
Байден Үкіметі Палестинаға қатысты әділетті жүзеге асыру бойынша жасалып жатқан халықаралық барлық талпынысты келеке етті.
Енді Дональд Трамп Нетаньяхуды құрықтамауы немесе оны тергемеуімен қоймай, Ақ Үйге билікке оралған уақыттан бергі келген алғашқы шетелдік лидерді ықыласпен қарсы алды.
Америка Женева конвенцияларына сәйкес, соғыс қылмысымен айыпталған адамдарды қудалауы немесе Сотқа тапсыруы керек. Соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыстармен айыпталған адамдар үшін ешқандай қауіпсіз жер болмауы тиіс. Ұсынылған көптеген дәлелдер америкалық қару-жарақтың соғыс қылмыстарында қолданылғанын көрсетеді. Алайда Америка геноцидке тосқауыл болу туралы өз міндеттемелеріне әлі табанды емес. Қару-жарақтары Израильдің Газаға қарсы әскери шабуылдарында қолданылып жатқанын біліп отыр”, — деп баса айтты.
Айта кетейік, Трамп Ақ Үйге қайта оралған соң Нетаньяху ақпанның үші күні АҚШ-на сапармен келді.
















