Ислам революциясының жетекшісі аятолла сейіт Әли Хаменеи бүгін, шілденің 28, жексенбі күні таңертең Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианның президенттік жарлығын мақұлдады.
Еуразия Тудейдің ирандық БАҚ-на сілтеме жасап хабарлауы бойынша жаңадан сайланған президент Пезешкианды осы елдің президенті ретінде ресми түрде мақұлдау рәсімі бүгін, шілденің 28, жексенбі күні таңертең Ислам революциясының жетекшісі аятолла сейіт Әли Хаменеи мен Иранның жоғары лауазымды тұлғалары, әскери қайраткерлері, елдің бір топ ғалымдары, шәйіттердің жанұялары және әртүрлі мемлекеттердің Теһрандағы елшілерінің қатысуымен өтті.
Рәсім жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де имам Хомейнидің хосейниесінде басталды.
Іс-шараның басында ИИР Ішкі істер министрлігінің басшысы Ахмад Вахиди кезектен тыс президенттік сайлаудың барысы туралы есеп беріп, Иран халқы мен ведомство қызметкерлеріне сайлауды сәтті өткізгені үшін алғыс білдірді.
Содан кейін діни жетекші кеңсесін басқаратын Мохаммад Голпайегани аятолла Әли Хаменеидің Пезешкианды Иран Ислам Республикасының тоғызыншы президенті деп жариялауы туралы құжаттың мәтінін оқыды.
Хаменеи құжаттың түпнұсқасын Пезешкианға табыс етті. Пезешкиан ирандықтардың ұлттық бірлігінің маңыздылығын еске салып, сөз сөйлегеннен кейін Хаменеи Пезешкианға өз тапсырмаларын мәлімдеді.
Пезешкианның ант беру рәсімі 30 шілдеде Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінде өтеді.












