Иран Президенті Масуд Пезешкиан жексенбі күні реформатор Мохаммад Реза Арефті вице-президент етіп тағайындады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұған дейін Ареф 2001-2005 ж.ж. Иран президенті болған Мохаммед Хатамидің әкімшілігінде бірінші вице-президент қызметін атқарды.
Масуд Пезешкиан жарлығының мәтінінде: «Конституцияның 124-бабы негізінде және сіңірген еңбегін, құнды басқарушылық және атқарушылық тәжірибесін ескере отырып, Мохаммад Реза Арефті бірінші вице-президент лауазымына тағайындаймын»,- деп жазылған.
Кеше, жексенбі күні Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи Масуд Пезешкианды жаңа президент ретінде ресми түрде бекіткеннен кейін ол вице-президент етіп Арефті тағайындады.
Енді Пезешкиан 30 шілдеде Мәжілісте ант береді. Салтанатты шараға әлемнің 70 елінен делегациялар қатысады.
Иран Президенті осы елдің Конституциясының 124-бабы бойынша вице-президентті тағайындау құқығына ие.

















