Ресей Президенті Владимир Путин Қазанда өтетін БРИКС саммиті аясында Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуге дайындалуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков «Известия» телеарнасына берген сұхбатта мәлімдеді.
Ресей Президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысының айтуы бойынша, Иран 2024 жылдың қазан айында Қазанда өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырылған.
9 шілдеде Иранның жаңа сайланған президенті Масуд Пезешкиан ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Мәскеумен жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. Мұның алдында, 8 шілдеде Путин Пезешкианға қоңырау шалып, оны президенттікке сайлануымен құттықтап, жаңа лауазымында сәттілік тіледі.
БРИКС – мемлекетаралық бірлестік. 1 қаңтарда Ресей БРИКС-тің кезеңдік төрағасы болды.
Ресей Президенті Владимир Путин БРИКС саммиті өтетін Жарлыққа қол қойып, Қазан қаласын БРИКС мемлекеттері басшыларының кездесуі өтетін орын ретінде белгіледі. Сондай-ақ6 Жарлыққа сәйкес Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалды.


















