Ислам революциясының жетекшісі Әли Хаменеи сионистік режимді үкімет емес, қылмыстық топ, қанішерлер тобы және лаңкестер тобы деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Әли Хаменеи жексенбі күні Иран Ислам Республикасының он төртінші президентін ресми түрде бекіту рәсімінде мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі Газа мәселесін жалпы қоғамдық және жаһандық мәселе деп атап: «Палестина бір кездері тек ислам әлемінің мәселесі болса, бүгінде жалпы қоғамдық және жаһандық мәселеге айналды»,-деді.
Имам Хаменеи әлем Газа секторында болып жатқан оқиғаларға қатысты байыпты шешім қабылдауы керектігін баса айтты.
Ол Иранның сыртқы саясатына тоқталып, жаңа Үкіметтің әлемдегі түрлі оқиғада, әсіресе аймақтық тақырыптар мен саяси мәселелерде, сондай-ақ, ғылыми салада да белсенді түрде әрекет етуі қажеттігін атап өтті.
Ислам революциясының жетекшісі сөзінің бір бөлігінде сыртқы саясат басымдықтарының бірі ретінде қиын жағдайда Иранға көмектескен елдермен байланысты нығайтуды атады.



















