Иран армиясы әуе күштерінің қолбасшысы бригадир Хамид Вахеди дүйсенбі күні кешке ислам мен Иранның дұшпандарына соңы өкінішке әкелетін қателік жібермеуге кеңес беретінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Хамид Вахеди Ислам армиясының адамдары өз елін, Ислам Республикасының жүйесі мен дінін қорғайтынына сенетінін және бұл сенімдер олардың күш-қуатын екі есе арттырғанын дұшпандардың білуі керектігін баса айтты.
Вахеди жуырдағы Израиль режимінің Иран Ислам Республикасына қарсы жасаған шабуылына байланысты елінің аз шығынға ұшырағанын және елінің әуе қорғаныс күштерінің нық тұрып, әуе кеңістігін қорғау миссиясын сәтті аяқтағанын мәлімдеді.
Генерал Хамид Вахеди әуе күштері елін жан-жақты қорғауға әрқашан дайын және жерін қасық қаны қалғанша қорғайтынын қуаттады.
Еске сала кетейік, сионистік режим 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Иранның Тегеран, Хузестан және Илам облыстарындағы әскери нысандарына шабуыл жасады.
















