Иран Сыртқы істер министрінің аға кеңесшісі мен Сирия делегациясының басшысы Астанада қаласында кездесіп, Израиль режимінің қылмыстарына тойтарыс беру және шиеленістің аймақта таралуына жол бермеу қажеттігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси істер бойынша аға кеңесшісі Әли Асғар Хаджи қарашаның 11 күні Астана қаласында Сирия делегациясының басшысы және мүшелерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Қазақстан астанасында өткен Сирия мәселесі келіссөздерінің 22-ші раунды аясында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар аймақтағы жағдайды, Сириядағы оқиғаларды, әсіресе Израиль режимінің аймақтағы қылмыстары мен агрессивті шабуылдарын талқылады.
Иран Сыртқы істер министрінің аға кеңесшісі Иран Ислам Республикасының Сирияны жан-жақты қолдауын жалғастыратынын қуаттап, Израиль режимінің басып алу әрекеттері және шабуылдарына қарсы тұру қажеттігін баса айтты. Хаджи елінің бұл принципті ұстанымын аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және аймақтағы елдердің ұлттық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған деп атады.
Әли Асғар Хаджи сондай-ақ, екі ел арасындағы бұрыннан қалыптасқан тұрақты қарым-қатынасқа тоқталып, екі елдің әсіресе Израиль режимінің қылмыстарына қарсы тұру және шиеленістің аймақтың барлық аумағына таралуына жол бермеу бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыру және кеңейтудегі табандылығын қуаттады.
















