Хатам әл-Анбия орталық штабы Ормұз бұғазындағы Американың кез келген араласушылығы Иран қарулы күштерінің қатаң әрі шұғыл жауабына ұшырайтынын ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Хатам әл-Анбия орталық штабы мәлімдемеде Ормұз бұғазын басқыншы Американың ойын алаңы емес, Иран ислам республикасының айқын егемендігінің аумағы деп атады.
Осы мәліметке сәйкес, маңызды су жолының қауіпсіздігі мен оны қорғау — Исламдық Иранның қуатты қарулы күштерінің «қызыл сызығы».
Мұнай танкерлері мен сауда кемелерінің барлығы Ормұз бұғазынан қауіпсіз өту үшін Иран тағайындаған бағыттан өтуі керек.
Иран Ислам Республикасы Ормұз бұғазында кеме қатынасы үшін протоколдарында белгілеген бағыттан бұлтару немесе шығып кету, қарулы күштердің дереу әрі айбынды жауабына тап болады. Бұл сайып келгенде басқа кемелердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Сонымен қатар Американың Ормұз бұғазында қауіпсіздік істеріне араласу немесе бүлдіргі әрекет жасауға талпынысының жауапкершілігі Иран халқының егемендігіне қарсы қоқан-лоқы саналып, жылдам әрі қатаң жауапқа ұшырайды.
Американың ұшқыш басқаратын немесе ұшқышсыз ұшақтары мен қырғи ұшақтарының Ормұз бұғазының көгінде үздіксіз ұшуы осы су жолындағы қауіпсіздікті бұзып, аймаққа қатер төндіреді.
Иран Ормұз бұғазындағы егемендігінің құқығын қорғауда Америка әскері мен оның қолдаушылары тарапынан жасалатын кел келген басқыншылықты басып-жаныштауда еш әрекеттен тайынбайды.
.
















