Израиль режимінің армиясы Батыс жағалаудың оңтүстігіндегі Хеврон қаласының маңында атыс болып, төрт адамның жараланғанын хабарлады.
Араб дереккөздерінің мәліметінше, аймаққа қосымша күштер жіберіліп, атысты ашқан адамдарды табу бойынша іздеу операциясы басталды.
Израиль теледидарының 14-арнасы бұл атыстың “Телем” еврей қонысының маңындағы әскери мұнараға бағытталғанын және соның салдарынан бірнеше адамның жараланғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Израиль теледидарының 12-арнасы армия екі күдіктімен қақтығысқа түсіп, олардың көзін жойғанын, Хеврон аймағында қозғалысқа шектеу қойылып, іздеу операциясы жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Араб дереккөздері жараланғандардың кейбіреуінің жағдайы ауыр деген есеп жариялады.
Ал Walla ақпараттық порталы дереккөзге сілтеме жасап, шабуыл Израильдің Ішкі майдан қолбасшылығына қарасты резервтік батальонға жасалғанын хабарлады.












