Eurasiatoday
Четверг, 26 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Хорасанға сапар: мәдениет пен өркениет тоғысындағы сұхбат

21.05.2025
in Басты жаңалықтар, Ғылым, Мәдениет, Фото
A A

Loading

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің аға оқытушысы, PhD Гүлбақыт Құдайбергенова Хорасанға жасаған сапарды мәдениет пен өркениет тоғысындағы сұхбат деп атады.

Хорасанға сапар: мәдениет пен өркениет тоғысындағы сұхбат

2025 жылдың мамыр айынының бірінші жартысында Орталық Азия елдерінен, атап айтсақ Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген ирантанушы ғалымдар Иран Ислам Республикасының Хорасан аймағына ғылыми сапар жасап, тарих пен руханияттың терең тамырына үңілген тағылымды кездесулер мен маңызды іс-шараларға қатысты. Бұл сапар Иран мен Орталық Азия арасындағы мәдени, ғылыми және рухани байланысты жаңғыртудың жарқын көрінісіне айналды.

Тақырыпқа орай:

Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

Үш елдің министрлері «Мекке келісімін» Исламабадта талқылайды

26.11.2026

Сапар барысында мамандар Иранның екі ірі аймағы – Хорасан-е Разави мен Оңтүстік Хорасанды қамтып, бірқатар мазмұнды ғылыми-мәдени кездесулерге қатысты. Осы сапарға мұрындық болған және барлық ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірген – Хорасан аймақтық Farsnews ақпарат агенттігі. Агенттік басшысы Алиреза Чармеги мырзаның бастамасымен қатысушыларға кең ауқымды бағдарлама ұсынылып, бірнеше жоғары деңгейлі кездесу ұйымдастырылды.

Хорасан – әдебиет пен мәдениеттің алтын бесігі

Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан аймағы – ғасырлар бойы шығыс өркениетінің, әдебиет пен мәдениеттің ірі ошағы болған тарихи өңір. Бұл аймақ тек Иранның ғана емес, күллі ислам дүниесінің, соның ішінде Орталық Азия елдерінің де рухани қалыптасуында маңызды рөл атқарды. «Хорасан» атауы «Күннің шыққан жері» деген мағынаны білдіреді. Бұл өңір ерте кезден-ақ ғылым мен білімге сусындаған, ұлы ғұламалар мен шайырлардың мекеніне айналған. Орта ғасырларда Хорасан ілім іздеген жастардың, болашақ ғалымдар мен ақындардың арманына айналған білім ордасы болды. Мұнда медреселер мен кітапханалар, ғылыми орталықтар шоғырланды. Ғазали, Фирдоуси, Омар Хайям, Санайи, Аттар сынды ойшылдар мен ақындар дәл осы топырақта дүниеге келіп, өз еңбектері арқылы бүкіл Шығыс әлеміне мәшһүр болды.

Хорасандық әдеби мектеп – парсы әдебиетінің негізін қалаған маңызды дәстүрлердің бірі. Бұл аймақтан шыққан шайырлар парсы поэзиясына философиялық тереңдік пен нәзік лиризм сыйлады. Әсіресе Фирдоусидің «Шахнаме» эпопеясы парсы мәдениетінің ғана емес, бүкіл шығыс әдебиетінің мәңгілік мұрасына айналды. Оның шығармалары арқылы ирандық эпос пен батырлық жырлар Орталық Азия кеңістігіне де кең таралды.

Хорасандық әдеби стиль мен поэтикалық бейнелеу тәсілдері Самарқан, Бұқара, Хиуа, Термез, Түркістан секілді мәдени орталықтарға әсер етіп, түркі-парсы әдеби байланыстарын қалыптастыруға негіз болды. Бұл ықпал қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз халықтарының әдеби-рухани дамуына да әсер етті.

Хорасанның парсы тілді әдебиеті мен мәдениеті Ұлы Жібек жолы арқылы тек Иран шекарасымен шектелмей, Орталық Азия елдеріне де кең тарады.

Түркі және парсы мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы осы аймақта айқын көрініс тапты. Түркі билеушілері парсы тілін мемлекеттік іс жүргізу тілі ретінде қабылдап, парсы әдебиетін жоғары бағалады. Бұл өз кезегінде қос өркениеттің тоғысында тың шығармашылық серпін тудырды. Бүгінде Хорасан аймағы – Иранның рухани, ғылыми және мәдени өмірінде әлі де ерекше орынға ие.

Farsnews агенттігіндегі кездесу

«Ирантану және Шығыс Иранды зерттеу мәселелері» атты халықаралық конференция аясында ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі Хорасан аймақтық Farsnews ақпарат агенттігіндегі кездесу болды. Бұл кездесу агенттік басшысы Алиреза Чармеги мырзаның бастамасымен өтті.

Farsnews – өңірлік саясат пен мәдениетке қатысты жаңалықтарды кең таратып, қоғамдық пікір қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын Иранның жетекші ақпараттық платформаларының бірі. Осы агенттікке арнайы барған конференция қонақтары – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен келген сарапшылар мен зерттеушілер парсы тілінің өз елдеріндегі қазіргі жағдайы, әдеби және мәдени байланыстар туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында бірқатар сарапшы өз елдерінде парсы тіліне деген сұраныстың қазіргі таңда төмендегенін айтты. Бұл құбылыс бірнеше фактормен байланысты: ағылшын, қытай, кәріс және түрік тілдерінің үстемдігі, сондай-ақ жастар арасында парсы әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықтың әлсіздігі.

Сонымен қатар, қатысушылар парсы тілі мен әдебиеті ортақ тарихи мұрамыздың ажырамас бөлігі екенін, әсіресе шығыстың ғұлама ойшылдары – Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Рудаки, Жәми шығармалары арқылы бұл мәдениеттің Орталық Азияға ықпалы зор болғанын атап өтті.

Талқылау барысында сарапшылар Иран мен Орталық Азия елдері арасында мәдени және ақпараттық әріптестікті нығайту қажеттігін айтты. Парсы тілі, Иран мәдениеті мен әдебиетін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының, атап айтқанда Farsnews сияқты ықпалды агенттіктердің рөлі зор екенін баса көрсетті. Аударма жобаларын, онлайн курстарды, деректі фильмдер мен әдеби айдарларды көбейту бұл саладағы сұранысты қайта жандандырудың ықтимал жолдары ретінде ұсынылды.

Кездесу қорытындысында екіжақты ынтымақтастықты арттыру, ортақ мәдени жобалар аясында ақпарат алмасу жөнінде келісімдер жасалды.

Фердоуси университетіндегі кездесу

 Сапардың келесі кезеңі Мешхед қаласындағы Фердоуси университетінде өтті. Әдебиет және гуманитарлық ғылымдар факультетінде өткен кездесу еркін форматта ұйымдастырылды. Орталық Азиядан келген ғалымдар мен ирандық профессорлар, студенттер ашық пікір алмасып, сұхбат құрды. Студенттер Орталық Азиядағы парсы тілді мұралардың сақталуы мен зерттелуі туралы сұрақтар қойып, жаңа мәліметтермен танысты. Хорасан арқылы парсы мәдениеті мен әдебиеті ғасырлар бойы Орталық Азияға таралып, өңір халықтарының рухани дүниетанымына, тілдік және әдеби дамуына зор ықпал етті. Хорасан — сопылық философияның, поэтикалық поэзия мен діни ілімнің тоғысқан мекені. Сондықтан бұл өңірде болу тек саяхат емес, рухани уақыт кеңістігінде терең саяхат жасау іспетті әсер қалдырады.

Дөңгелек үстел: Иранның мәдениеті мен өркениеті

 Сапардың үшінші кезеңі Шығыс Стратегиялық Зерттеу институтында өткен «Иран мәдениеті мен өркениетінің Орталық Азиядағы қазіргі жағдайы және болашақ перспективалары» атты дөңгелек үстел болды.

Орталық Азиядан келген сарапшылар Иран мәдениетінің тарихи таралу арналары, қазіргі ықпал ету аясы және болашақтағы ынтымақтастықтың жолдарын талқылады. Қатысушылардың пікірінше ортақ әдеби мұралар мен тарихи деректерді зерттеу екіжақты ғылыми жобалар арқылы жандандырыла түсуі керек; тіл, әдебиет және мәдениет салаларындағы зерттеулер – аймақаралық ғылыми ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс; туризмді дамыту және көрмелер ұйымдастыру;

Бирджандтағы халықаралық конференция

Сапардың маңызды кезеңі 14-15 мамыр күндері Оңтүстік Хорасанның Бирджанд университетінде өткен «Ирантану және Шығыс Иранды зерттеу мәселелері» атты алғашқы халықаралық ғылыми конференция болды. Форумға Иранмен шекаралас және тарихи-мәдени сабақтастығы бар елдер Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстаннан келген жетекші ғалымдар, сарапшылар мен зерттеушілер қатысты. Конференцияның басты мақсаты – Шығыс Иранның тарихи, мәдени және ғылыми тұрғыда зерттелуін кеңейту, сондай-ақ аймақ елдері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты күшейту.

Сондай-ақ, бұл шара Ирантану ғылымының заманауи бағыттарын талқылап, зерттеу әдістемелерін жетілдіруге жол ашты. Сарапшылар Иранның ежелгі өркениеті, тілі, әдебиеті, тарихи ескерткіштері мен қазіргі мәдени кеңістігіне қатысты өз зерттеулерін ортаға салды. Конференция барысында айтылған ең өзекті мәселелердің бірі – мәдени байланыстарды кеңейту арқылы аймақтағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту. Қатысушылар мәдениет халықтар арасындағы диалогтың маңызды құралы екенін баса айтып, әсіресе жастар арасында ортақ тарихи мұраны таныту мен ғылыми ынтымақтастықты арттыру жолдарын ұсынды.

Конференция аясында Бирджанд университетінің ректоры Ахмад Ламеи мырза қонақтарды қабылдап, университеттің ғылыми әлеуеті, шетелдік студенттермен жұмыс, оқытушылар алмасу бағдарламалары және халықаралық серіктестік бағыттары жөнінде таныстырылым жасады.

Қорытынды

Хорасанға сапар тарихи тамырды жаңғырту ғана емес, қазіргі мен болашақ арасындағы мәдени көпірді қайта салу болды. Ғылыми конференциялар, еркін форматтағы сұхбаттар мен терең пікір алмасулар рухани үндестіктің әлі де өміршең екенін, әрі оған сұраныс бар екенін дәлелдеді. Бұл сапар Орталық Азия ирантанушылары үшін Иран мәдениеті мен өркениетіне жаңа көзқараспен қарауға жол ашты.

Ал Хорасан өзінің ежелгі маңызын сақтап қалған, руханияттың мәңгілік шамшырағы ретінде аймақтық серіктестіктің темірқазығына айналып отыр.

Гүлбақыт Құдайбергенова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедарсының

Аға оқытушысы, PhD

ShareTweetSend
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE
Next Post
Йемен Қарулы күштері Хайфа портында теңіз қоршауын орнатты

Йемен Қарулы күштері Хайфа портында теңіз қоршауын орнатты

Discussion about this post

Басты жаңалықтар

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.