Әзірбайжан Республикасының لрезиденті Илһам Әлиев Америка Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонға жұмыс сапарымен келді.
Еуразия Тудейдің Әзірбайжан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Әзірбайжанның Мемлекет басшысын Joint Base Andrews базасында АҚШ-ның ресми тұлғалары қарсы алды.
Армения Үкіметі премьер-министр Никол Пашинянның 7-8 тамызда АҚШ-қа баратынын, сол күндері АҚШ президенті Дональд Трамппен және Әзірбайжан президенті Илһам Әлиевпен аймақта бейбітшілікті, даму мен экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған үшжақты кездесу өткізетінін хабарлады.












