«Аэрофлот» әуе компаниясы Мәскеуден Тегеранға ұшуды қайта бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Телеграмдағы компанияның арнасында 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні Мәскеу мен Тегеран арасындағы әуе рейстері қайта жанданғаны жазылды.
Осы мәліметке сәйкес, SU514/515 рейсі кеше кешке Иран астанасына ұшып, бүгін таңертең Мәскеуге оралды.
Рейстер аптасына бір рет сәрсенбіде, ал 12 қыркүйектен бастап аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері орындалатыны хабарланған болатын. Бұл бағытта Airbus A321 ұшағы пайдаланылады.
Айта кетейік, ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты 13 маусымда Тегеранға рейстерін тоқтатты.












