Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев бүгін, 8 тамызда Қазақстанға сапармен келді.
Еуразия Тудейдің Әзірбайжан Президенті ресми сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауынша Әзірбайжан Президентін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Әуежайдағы қарсы алу рәсімінде Әзірбайжан Мемлекет басшысының құрметіне орай құрметті қарауыл сап түзеді.
Айта кетейік, Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін келді.












