Индонезия Сыртқы істер министрі Сугионо Джакартаның Тегеранмен байланысын барлық салада кеңейтуге әәзірлігін мәлімдеді.
Индонезия СІМ Сугионо Иран СІМ Сейед Аббас Арақчимен кездесуде елінің Тегеранмен байланысқа аса мән беретінін қуаттап, Джакартаның тараптар қызығушылық танытатын барлық салада қарым-қатынасты кеңейту үшін әзір екенін мәлімдеді.
Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи БҰҰ Қарусыздану конференциясының жоғары деңгейлі саммиті мен Адам құқығы кеңесінің отырысына қатысу үшін Женеваға сапармен келгенде бүгін, таңертең саммит аясында Индонезия СІМ Сугиономен кездесіп, сұхбаттасты.
Кезедсуде Иран СІМ Иран мен Индонезия халықтарының ертеден келе жатқан байланысы мен Иранның 14-үкіметінің ислам әлеміндегі маңызды және даму үстіндегі екі ел ретінде тараптар мүдделік танытатын барлық салада байланысты арттыруға ерік-жігерге ие екенін баса айтты.
Арақчи сонымен қатар аймақ пен әлемдегі оқиғаларға, әсіресе басып алынған Палестина жағдайына шолу жасап, ислам әлемінің Газза секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы этникалық тазарту жобаларына қатысты көбірек назар аударуға шақырып, Ислам ынтымақтастығы ұйымы СІМ-лерінің алдағы саммитін осы мәселені қарастыру үшін маңызды мүмкіндік деп атады.
Индонезия СІМ де елінің Иранмен байланысқа аса мән беретінін қуаттап, Индонезияның тараптар қызығушылық танытатын барлық салада байланысты арттыру үшін дайын екенін мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, ислам елдерінің Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында Палестина халқы құқығын жүзеге асыруға көмектесуге кеңесулерінің қажеттілігін еске салды.












