Иорданияның жоғары лауазымды дипломаты Батыс жағалауда 37 мыңнан астам палестиналықтың өз үйлерінен босып кеткенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иордания Сыртқы істер министрі бейсенбі күні таңертең БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Иордания Сыртқы істер министрі Айман әс-Сафади сионистік режимнің Батыс жағалаудағы Палестина жерлерін аннексиялауға асығуы бейбітшілік үдерісін жоятынын мәлімдеді.
Иордания Сыртқы істер министрі Айман әс-Сафади бейсенбі күні таңертең: «Газадағы соғыс тоқтады, бірақ Израильдің агрессиясы жалғасуда. Палестина халқының зардабы аяқталған жоқ», — деді.
Әс-Сафади БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Батыс Азия бойынша отырысында сөйлеген сөзінде: «Гуманитарлық көмек Газаға ешқандай кедергісіз жеткізілуі тиіс және қайта құру жұмыстары басталуы керек», — деп түсіндірді.
«Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, ол сондай-ақ: «Бейбітшілік Сирия жерлерін көбірек басып алу және оның тұрақтылығына нұқсан келтіру арқылы орнамайды», — деп атап өтті.
Иорданияның жоғары лауазымды дипломаты Батыс жағалауда 37 мыңнан астам палестиналықтың өз үйлерінен босып кеткенін айтып: «Израильдің Батыс жағалаудағы Палестина жерлерін аннексиялауға ұмтылысы бейбітшілік үдерісінің тамырына балта шабады», — деп мәлімдеді.
















