Ирак Премьер-министрі Мохаммед Шиа әс-Судани елінің Тегеранға қарсы қоқан-лоққыларды қабылдамайтынын, Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына ерекше мән беретінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Мохаммед Шиа әс-Судани Иран Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сұхбатында мәлімдеді.
Мохаммед Шиа әс-Судани ислам елдері алдында тұрған қауіп-қатерлер мен қоқан-лоққыларға қарсы бірлесіп әрекет етуі керектігін баса айтты.
Ирак Премьер-министрінің айтуы бойынша, елі Тегеранға қарсы қоқан-лоққыларды қабылдамайды әрі Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына ерекше мән береді.
Сонымен қатар, Мохаммед Шиа әс-Судани мен Масуд Пезешкиан телефон арқылы әңгіме барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ортақ мүдделерді қорғау саласындағы мәселелерді талқылады.
Бағдад пен Тегеран арасындағы қарым-қатынас мықты. Ирак Иранды стратегиялық одақтас санайды.
















