Дүниежүзілік болат ассоциациясының есебінде Иранның ай сайынғы өндіріс бойынша мамыр айында жетінші орынға көтерілгені көрсетілген.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Дүниежүзілік болат ассоциациясы өзінің соңғы есебінде Иранның ай сайынғы болат өндірісі 2024 жылдың мамырында 2023 жылдың сол айымен салыстырғанда 2,1 пайызға өскенін жариялады.
Осылайша Иран әлемдегі болат өндірушілер арасында жетінші орынға көтерілді.
Иран Ислам Республикасы алдыңғы айда 3,3 миллион тонна болат өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға артқан. 2024 жылдың алғашқы бес айындағы жылдық көрсеткіштен 9,1 пайызға көп.
Есепке сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы бес айында шикі болат өндірісі Түркия, Иран, Үндістан, Германия және Бразилия сияқты мемлекеттерде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өссе, Қытайда, Жапонияда, АҚШ-та, Ресейде және Оңтүстік Кореяда осы кезеңдегі өндіріс деңгейі төмендеді.
WSA мәліметтері бойынша, Иран 2023 жылы болат өндірісі бойынша әлемде 10-шы орынға ие болған.
Бүгінде әлемде болат өндіретін 5 үздік ел қатарында Қытай, Үндістан, Жапония, АҚШ пен Ресей бар.

















