Ормұз бұғазындағы жуырдағы шиеленістерден кейін Иран енді суасты интернет кабельдерін бақылауға алуды көздеп отыр.
Иран әлемде өз ықпалын арттыру үшін жаңа тетікті қолдануға ұмтылуда.
Бұл — Еуропа, Азия және Парсы шығанағы елдері арасындағы интернет пен қаржы байланыстарының басым бөлігін тасымалдайтын суасты интернет кабельдері.
Иран билігі Google, Microsoft, Meta және Amazon сияқты ірі технологиялық компаниялар осы аймақ арқылы өтетін кабельдер үшін ақы төлеуі және Иран заңдарына бағынуы тиіс екенін мәлімдеді.
Суасты кабельдері — жаһандық интернеттің негізгі тірегі. Оларға нұқсан келуі немесе үзілуі интернеттің баяулауына ғана әкеліп соқпайды, сонымен қатар халықаралық банк жүйесін, әскери байланысты, жасанды интеллекттің қызметтерін, онлайн ойындарды, тіпті әлемдік сауданы да тұралатып тастауы мүмкін.
















