Eurasiatoday
Среда, 25 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Иран әскери әлеуетін де, дипломатиясын да қалпына келтіріп жатыр

  • Америка, Басты жаңалықтар, Батыс Азия, Сарапшы пікірі, Саясат
  • 26 мая, 2026 12:14

Loading

Иран біртіндеп өз-өзін, әскери әлеуетін де, дипломатиясын да қайта қалпына келтіріп жатыр.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы ирандық сарапшы Мохсен Маһдиан мәлімдеді.

Ықтимал келісімнің мән-жайын ұғыну үшін, ең алдымен, жағдайға тура қарау керек. Әйтпесе, ішкі елдегі бұлыңғыр пайымдар мен сыртқы күштердің арам пиғылды мақалаларының арасында адасып қаламыз.

Тақырыпқа орай:

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026

Бұл хикая АҚШ-тың «ел ішіндегі аласапыран арқылы Ислам Республикасының тамырына балта шабамыз» деген қиялынан басталды. Олар егер билік құласа, ядролық бағдарлама, зымыран мәселесі өз-өзінен шешіледі деп ойлады. Бірақ олардың ойлағандары болмады.

Керісінше, олар Ислам Республикасы тек бір адамға ғана қарап тұрған жүйе емес деген маңызды нәрсені түсінді. Халықтың сыртқы көрінісіне қарап, олардың бұл топырақ пен мемлекеттік жүйеге қаншалықты байланғанын бағалау мүмкін еместігін ұқты. Міне, осы тұста олардың есеп-қисап жүйесі быт-шыт болды.

Осыдан кейін мақсат өзгерді: олар жүйені алмастырудан елді әлсіретуге көшіп, ядролық және зымырандық бағдарламаларға шүйлікті. Алайда тұмсықтары тағы тасқа тірелді. Неліктен? Өйткені Ислам Республикасы соғыстың зардабын америкалықтар мен еуропалықтардың өз елдеріне дейін жеткізді. Бұл шәһид имамның “соғыстың аймақтық сипатқа ие болуы шығынды арттырады» деген қисыны еді.

Нәтижесінде не болды? АҚШ өз ішінде масқара болды. АҚШ пен Еуропа арасында жік шықты. Әлемдік қоғамдық пікір АҚШ-ты ессіз соғысты бастаушы ретінде таныды. Аймақ елдері де сырттан сатып алынған қауіпсіздіктің ешқандай пайдасы жоқтығын түсінді.

АҚШ амалсыз уақытша бітімге келуге мәжбүр болды. Бірақ бұл уақытша бітім Иран үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Иран келіссөздер барысында қазіргі Иранның баяғы Иран еместігін ұғындырды. Сондай-ақ, бұл үзіліс қорғаныс әлеуетін қайта құруға, аймақтағы позицияны дипломатия арқылы нығайтуға, ең бастысы — мұнайды көбірек әрі қымбатырақ сатуға жағдай жасады. Міне, осыдан кейін олар қоршау саясатын іске қосуға мәжбүр болды. Қоршау Иранға шығын әкелгенімен, АҚШ-ты өзі қазған орға тереңірек батыра түсті. Дәл осы сәтте Иранның уақыт созу атты жаңа стратегиясы өзін көрсетті. Басқаша айтқанда, уақытты АҚШ-қа қарсы қаруға айналдыруға көшті.

Революцияның марқұм жетекшісі Ормұз бұғазын болмыстарының құндылығы деген болатын. Бұл сөздің мағынасы айқын еді: бұғаз тек экономикалық бағыт емес, егемендікті жүзеге асыратын басты нүкте. Ал бұғаз не істеді? Уақытты АҚШ-қа қарсы бұрды.

Уақыт өткен сайын аймақ елдеріне экономикалық қысым күшейіп, АҚШ-тағы инфляция шарықтады, Еуропадағы энергетикалық дағдарыс Брюссель мен Вашингтонды бетпе-бет келтірді, ал әлемдік қоғамдық пікір Трампты соғысқұмар әрі жеңіліске ұшыраған басшы ретінде көрді. Осылайша, алдағы сайлау ол үшін қиындай түсті.

Ал Иран, керісінше, асықпай өз-өзін, әскери әлеуетін де, дипломатиясын да қайта қалпына келтіріп жатыр. Еуропа мен аймақ елдерінің АҚШ-пен қайшылықтарын шебер пайдаланып, бұғаздағы кемелердің қозғалысын ақылмен бағыттау арқылы өз егемендігін күшейтті, әрі әлем жұртшылығын өзіне жақтас етті.

Ақырында, Трамп уақыт арасындағы бұл қайшылықты, яғни уақыттың оған зиянға, ал Ислам Республикасының пайдасына жұмыс істеп жатқанын түсінді. Қайтадан қоқан-лоқы жасады. Бірақ оның жауапсыз қалған бір сұрағы бар еді: «Соңғы соққы» болуы үшін нақты қай жерді соғу керек? Осы сәтте Ислам республикасы мәлімдеме жасады: «Егер соғысты таңдасаңыздар, біз трансаймақтық соғысқа көшеміз». Басқаша айтқанда, “сіздердің осы күнге дейін көргендеріңіз тек аймақтық соғыстың шығындары ғана. Ең таңғаларлық тосынсый да трансаймақтық соғысқа арналған зымырандар” деді.

Трамп тағы кері шегінді. Бұл — келісім жасауды жалынып сұрауға көшті. Оның басқа амалы қалмады.

Ал енді, осы уақытқа дейінгі ықтимал келісімнің нәтижесі қандай? АҚШ қоршауды алып тастауға, Иранның ядролық держава ретіндегі негізін мойындауға, Иранның зымырандық қуатын мүлдем ұмытуға тиіс. Аймақтағы уақытша бітімді мақұлдап, Иранның қарсылық майданындағы орталық рөлін мойындауы және санкциялар мәселесінде шегінуі керек. Санкциялар Иранның Ормұз бұғазындағы егемендігі арқылы іс жүзінде өз күшін жойған болатын.

Соңында, АҚШ іс жүзінде нәтижеге жеткізбеген, тауын толық шаққан соғыстан шығуы керек. Одақтастарының арасына іріткі түсті, беделіне нұқсан келді, ең бастысы — бұрын ашық болған Ормұз бұғазын қайта ашуға мәжбүр. Бірақ бұл жолы Ислам Республикасының бұғазға толық егемендігін мойындап отырып ашады. Бұдан асқан қорлық бар ма?

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

Ормұз бұғазында ереже бұзған үш мұнай танкері жарылды

24.11.2026
Иранда  27 лаңкес тұтқындалды

Иранда  27 лаңкес тұтқындалды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Шахбаз Шариф Қытайдың Таяу Шығыстағы бейбітшілік бастамасын қолдады

Шахбаз Шариф Қытайдың Таяу Шығыстағы бейбітшілік бастамасын қолдады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.