Тегеранға бағытталған ақпараттық-гибридті шабуылдардың басты мақсаты — жаһандық аудиторияда Иран елінің күйреуі сөзсіз деген жаңсақ түсінік қалыптастыру.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің (ММХҚИ) жетекші ғылыми қызметкері, профессор Александр Князев “Восточный экспресс” басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Ирандағы соңғы оқиғаларға сараптама жасаған Князев Тегеранға қарсы жалған әрі эмоционалды теріс контентке негізделген ақпараттық соғыс құралдары барынша қарқынды қолданылғанын айтады. Сарапшының айтуы бойынша, тіпті кәсіби сарапшылар қауымдастығының бір бөлігі “режимнің сөзсіз құлауы” туралы асығыс қорытынды жасады.
Сарапшы Ислам Республикасының тұрақтылығын азаматтық бірегейліктің жоғары деңгейі және элиталардың біртұтастығымен түсірдіреді.
Сарапшының айтуы бойынша, посткеңестік бірқатар елдегі дағдарыстық сценарийлерден айырмашылығы, Иран Ислам Республикасында саяси элита ішінде жікке бөліну байқалмаған.
Князевтің сөзінше, Ирандағы бейберекеттік кезінде мемлекеттік институттар сыртқы әскери араласусыз қысымға қарсы жауап беру қабілетін көрсетті.
Сарапшы Ирандағы жағдайды 2022 жылғы Қазақстандағы қаңтар оқиғасымен салыстыра отырып, түбегейлі айырмашылықты атап өтті.
Сарапшының айтуы бойынша, Қазақстанда дағдарыс ішкі элиталық сипатта болып, ҰҚШҰ көмегімен тұрақтандырылса, Иранда әлеуметтік-экономикалық наразылық сырттан ұйымдастырылған гибридті операцияға сылтау болды. Бұл операцияда тыңшылық желілер мен лаңкестік әдістер қолданылды.
Князев Иранның қорғаныс стратегиясындағы түбегейлі өзгерістерге де назар аударып, Тегеранның “шектеулі жауап шаралары” логикасынан бас тартып, “алдын ала қорғану” тұжырымдамасына көшкенін айтады.
Сарапшы Орталық Азия елдерінің ұстанымына да жеке тоқталып өтті. Оның пікірінше, Орталық Азия елдерінің ұстамды реакциясы Батысқа тәуелділіктен гөрі, аймақтың жаһандық саясаттағы шеткері орнымен түсіндіріледі.
Сарапшының пайымдауынша, Ирандағы дағдарыс елдегі саяси жүйенің сырттай қаталдығы оның әлсіздігін білдірмейтінін көрсетті. Князев шынайы егемендік сыртқы бағалармен емес, мемлекеттің жан-жақты қысымға төтеп беру қабілетімен айқындалатынын баса айтты.



















