Иран Сыртқы істер министрлігі мен осы елдің Атом Қуаты Ұйымы АҚХА Басқарма кеңесінің Иранға қарсы қарарына жауап ретінде ортақ мәлімдеме жасап, оны қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Иранның Атом Қуаты Ұйымы бүгін бейсенбі күні ортақ мәлімдеме жасап, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқарма кеңесі қабылдаған, АҚШ пен Еуропаның үш елі қолдаған қарарды қатаң айыптады.
Мәлімдемеде бұл қадам АҚХА Басқарма кеңесінің өкілеттіктерін ешбір техникалық негізі жоқ саяси астар және заң тұрғысынан негізсіз пайдалану деп аталды.
Айта кетейік, АҚХА-нің 35 елден тұратын Басқарма кеңесі бейсенбі күні Иранды соңғы 20 жыл ішінде алғаш рет ядролық қаруды таратпау жөніндегі міндеттемелерін бұзды деп жариялаған қарар қабылдады.
Саяси шешімді АҚШ пен еуропалық үштік ұсынды.












