Қытай, Ресей және Қосылмау қозғалысының мүшелері АҚХА Басқарушылар кеңесінің отырысында Иранды қолдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Қытай, Ресей, Беларусь және Қосылмау қозғалысының кейбір мүшелері Қауіпсіздік кеңесінде Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын қолдаса, Батыс елдері Иранға қарсы қарар дайындады.
Беларусь, Қытай, Куба, Никарагуа, Ресей және Венесуэла Иранмен бірге АҚХА Басқарушылар кеңесінің отырысында Ислам Республикасының ұстанымын қолдайтын бірлескен мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын қолдайтынын білдіріп, Тегеранның Ядролық қаруды таратпау туралы шартты құрметтейтіндерін баса айтты.
Сондай-ақ, олар диалог пен саяси келіссөздер Иранның ядролық бағдарламасы мәселесіне қатысты келіспеушіліктерді шешудің жалғыз жолы екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар бұл мемлекеттер келісімнің мерзімі биыл аяқталуға жақын қалған уақытта “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасының қайта басталуын елемеуге болмайтынын қуаттады.
Бірлескен мәлімдемеге қол қойған елдер Еуроүштік пен АҚШ-ын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарының барлық ережесін, соның ішінде ондағы кестені толық орындауға шақырды.


















