Иран АҚШ-на қарама-қайшы қылықтары және арандатушылық мәлімдемелерінің салдарын ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи АҚШ-тың Иранның және басқа да елдердің ұйымдары мен жеке тұлғаларына қарсы жаңа санкция салуын қатаң айыптады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Вашингтонның жаңа санкция салуы АҚШ билігінің қайшылықты көзқарасы және олардың дипломатиялық жолды ілгерілетуде ізгі ниетінің жоқтығын көрсететінін баса айтты.
Бақайи бұл санкцияларды Иран халқына барынша қысым көрсетудегі қылмыстық саясаттарының сәтсіз бір бөлігі деп атап: “Американың жауапты тұлғаларының Иранға қатысты қарама-қайшы әрекеттері мен арандатушылық мәлімдемелерінен туындайтын салдарға жауапкершілік толығымен америкалық тарапта”, — деді.
АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Иран мен Қытайда орналасқан алты ұйым мен алты жеке тұлғаны санкциялар тізіміне қосты.
Бұған Иран революциясы Сақшылар корпусы атынан Қытайдан Иранға баллистикалық зымыран отынының компоненттерін (натрий перхлораты және диоктилсебакаты) сатып алу себеп болған.
АҚШ Иранның Saman Tejarat Barman Trading Company (STB) ұйымы мен Абед Заргар Баб Алдашти, Хамед Заргар Баб Алдашти және Заһра Заргар Баб Алдашти, Фоуф Модаррес Фатхи, Аббас Поур Каземи және Мохаммад Асғари сынды бірқатар тұлғасына санкция салды.















