БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған хатында АҚШ пен Ұлыбританияның айыптауларын негізсіз деп атады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған хатында АҚШ пен Ұлыбританияның Иранның аймақты тұрақсыздандыруы, сондай-ақ Украинадағы қақтығыстарға байланысты айыптауларын теріске шығарып, оларды негізсіз деп атады.
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани жергілікті уақыт бойынша жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Барбара Вудвордқа жолдаған хатында Қауіпсіздік кеңесінің отырысындағы АҚШ пен Ұлыбритания Иранға қарсы айыптауларын үзілді-кесілді теріске шығарып, Израиль режимі қылмыстарының сыбайластары АҚШ пен Ұлыбританияның өздерін жауапкершіліктен босата алмайтынын қуаттады.
Иран дипломаты Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның Израиль режиміне сөзсіз қолдау көрсетуі қақтығыстардың жалғасуын күшейтіп, Қауіпсіздік кеңесінің халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі талпыныстарына нұқсан келтіретінін айтты.
Ирани сондай-ақ, Украинадағы қақтығысқа байланысты АҚШ пен Ұлыбританияның Иранға қарсы айыптауларын кесімді түрде жоққа шығарып, Иранның Украинаға қатысты ұстанымының анық, тұрақты және өзгеріссіз екенін баса айтты.
















