Иран қазір Америка Құрама Штаттарының қор биржасына қаржы құралдарын қолданбай едәуір айтарлықтай әсер етіп отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран ешқандай қаржы құралдарын қолданбай, тек өзінің саяси мәлімдемелерімен ғана Нью-Йорк биржасындағы бағалардың құбылуына себепкер болуда. Бұл тарихта бұрын-соңды болмаған жағдай.
Fars агенттігінің мәліметінше, Иранның соңғы апталардағы іс-қимылы америкалық қор индекстерінің көтерілуі мен төмендеуіне тікелей әсер етті. Ормұз бұғазы аймағынан келген әрбір жаңалық пен Тегеран үкіметі өкілдерінің әрбір мәлімдемесі Уолл-стритте дереу реакция тудыруда.
Қаржы сарапшыларының пайымдауынша, бұл тарихта жекелеген бір елдің дәстүрлі инвестициялық-қаржылық құралдарды пайдаланбай-ақ, әлемдегі ең ірі капитал нарығына ықпал ете алған алғашқы оқиға.
Fars агенттігінің хабарлауынша, соңғы күндері Уолл-стриттегі кәсіби трейдерлер Ираннан келетін жаңалықтарға қарап жұмыс істейтін болған.
Трейдерлер үшін Иранның саяси жаңалықтары ең басты қаржылық индикаторға айналған. Олар тәуекелге бармау үшін алдымен Иранның әрекетін бағалап алып, содан кейін ғана өздерінің қаржылық шешімдерін қабылдайды.
Бұл нарықтың өзіндік саяси сақтық режиміне өткенін білдіреді.
Осылайша, Иран ешқандай қаржылық құралын қолданбай, тек саяси ықпалы мен мәлімдемелері арқылы әлемдегі ең ірі қаржы орталығын өз ырқына көндіріп отыр.


















