Иран СІМ басшысының экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Меһди Сафари Иранның БРИКС-ке мүшелігі бұл ұйымға транзит, энергетика, әсіресе мұнай мен газ және жаңа технологиялар саласында үлкен әлеует бере алатынын айтты.
Бұл туралы Меһди Сафари Ресейдің РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Сондай-ақ, Меһди Сафари БРИКС Хатшылығының болмауы әрбір Төраға елдің ұйым қызметінің әртүрлі саласы бойынша ақпаратты өз бетінше сақтауына алып келетініне тоқталып, ақпараттардың бір орында сақталуы мақсатында ұйым Хатшылығының мүмкіндігінше тезірек құрылуы қажеттігін мүдделік танытты.
Айта кетсек, БРИКС-ке 1 қаңтарда ресми түрде Мысыр, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия қосылды. Қаңтардан бастап ұйымға Мәскеу төрағалық етеді.
















