Иран Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларды қалпына келтіру туралы шешімін заңсыз деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Тегеранға қарсы санкциялар туралы шешімін заңсыз санап, жауап беру құқығын өзіне қалдырды.
Иран Сыртқы істер министрлігі: “Еуропалық үш елдің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі қадамы заңсыз, негізсіз әрі арандатушылық болып табылады. Сонымен қатар қазіргі дипломатиялық күш-жігерге айтарлықтай нұқсан келтіреді”, — деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі кеше, 19 қыркүйек күні Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
Қауіпсіздік кеңесте Ұлыбритания, Франция және Германия ұсынған қарарды Америка Құрама Штаттары мен тағы 6 ел қолдады.
Қытай, Пәкістан және Ресей санкцияларды тоқтату мерзімін ұзартуға дауыс берді. Иран мен еуропалық үш елдің басшылары келісімге келмесе, 27 қыркүйектен кейін Тегеранға қарсы санкциялар қайтадан күшіне енеді.


















