Иранның “Шынайы уәде — 4” операциясының 84-ші толқынында америкалық көптеген лаңкестің көзі жойылып, жаудың тактикалық кемелері суға батып кетті.
Иранның Ислам Революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауы бойынша, осы түндері “Шынайы уәде — 4” операцияларының “Уа, жазасы қатты болған Аллаһ!” ұранымен өтіп жатқан 84-ші толқынының жалғасында Иранның Әскери-теңіз күштері “Әш-Шуюх” айлағы мен Дубай жағаларында аралас шабуыл жасап, еңселері түскен америкалық әскерилер мен олардың тактикалық құрал жабдықтарын дәлдеп атты.
«Қадир-380» баллистикалық және қанатты зымырандарын қолдану арқылы жүзеге асырылған осы операцияда «Әш-Шуюх» айлағындағы АҚШ-тың алты LCU (Landing Craft Utility) соғыс кемесіне соққы берілді. Майдандық мәліметтерге сәйкес, аталған әскери кемелердің үшеуі атыстан кейін суға батып кетті, ал қалғандары өртеніп жатыр.
Сонымен қатар, Дубай жағалауы мен ондағы қонақүйлердің бірінде орналасқан АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппараттары бөлімшесінің лаңкес-офицерлері жиналған орталықтарға қарсы камикадзе-дрондармен операция жүргізіліп, көзделген нысандарға дәл тиді.
Осы операция барысында тактикалық кемелердің батуымен қатар, америкалық лаңкестердің үлкен тобы жойылды. Иранның Әскери-теңіз күштері Алланың қалауымен толық бақылау мен үстемдік орната отырып, жаудың зұлымдықтарына жойқын соққымен жауап береді.












