Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Иран Ислам Республикасының Тұрақты өкілі Реза Наджафи жазасыз соққылар дәуірінің аяқталғанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Реза Наджафи АҚХА Басқарушылар кеңесінің кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Иран Ислам Республикасының Тұрақты өкілі Израильдің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық нысандарына жасаған әскери соққысын айыптап, оны “мемлекеттік лаңкестіктің ашық үлгісі” деп атады.
Реза Наджафидің айтуынша, Израильдің бұл әрекеті БҰҰ Жарғысы мен Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің негізгі шарттарын өрескел бұзу болып табылады.
Наджафи соққы беріп, кету дәуірінің аяқталғанын, Иранның егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау құқығын өзіне қалдыратынын баса айтты.
Сондай-ақ, ол АҚХА мен халықаралық қауымдастықты жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіретін және халықаралық құқық қағидаттарына нұқсан келтіретін осы басқыншылық әрекетке жауап беруге шақырды.


















