Иран бір миллионнан астам адамды жұмылдырып, жағдай ушыққан жағдайда қақтығысқа дайын екенін көрсетті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Америка Құрама Штаттарының ықтималды құрлықүсті операциясына бір миллионнан астам жауынгерді жұмылдырды. Америка Құрама Штаттарының құрлықүсті операцияларының талқылануына байланысты Иранда әскер жұмылдыру белсенділігі күшейіп, Ислам революциясының Сақшылар корпусы мен «Басидж» құрылымдары қатарына еріктілердің ағыны тіркелуде.
Иранда қақтығысқа тек кәсіби сарбаздар мен офицерлер ғана емес, қарапайым жастар да өз еркімен сұрануда. Олар елді қорғау үшін армия немесе арнайы жасақтардың қатарына қосылуға жаппай өтініш беріп, қолдарына қару алуға дайын екенін білдіруде.
Тасним агенттігі хабардар дереккөзінің: «Америка Құрама Штаттары өзін-өзі жоятын әдістерге жүгіну арқылы Ормұз бұғазын ашқысы келеді. Бұл қалыпты жағдай. Біз олардың осы стратегиясын жүзеге асыруға да, бұғазды жабық ұстауға да дайынбыз» — деген сөзін жазды.
Мұның алдында The Wall Street Journal басылымы Америка Құрама Штаттары Иранда құрлықүсті операциясын бастайтынын жазған болатын.















