Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы Кая Калласпен кездесуде осы ұйымнан дипломатияға қарсы әрекеттерді бейтараптандыру бойынша рөл атқаруды күтетінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи мен Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы Кая Каллас Дохада кездесті.
Тараптар кездесу барысында Иранның ядролық мәселесіне қатысты жуырдағы оқиғалар, әсіресе Еуропаның үш елінің Қауіпсіздік кеңесінің күші жойылған қарарларын қалпына келтіру бойынша жауапсыз және негізсіз әрекетін, сондай-ақ Иран мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің өзара әрекеттесу үдерісін талқылады.
Иран Сыртқы істер министрі еуропалық үш ел әрекетінің заңсыздығы мен негізсіздігін атап айтып, ЕО Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілінің «Ортақ қадам жан-жақты» бағдарламасы бірлескен комиссиясының үйлестірушісі ретіндегі маңызды жауапкершілігін еске салып, бұл мекемеден аталған бағдарлама және 2231 қарар мен дипломатияға қарсы әрекеттерді бейтараптандыру бойынша оларға жүктелген міндетті орындауда рөл атқаратыны күтілетіні айтылды.
Арақчи сондай-ақ Иран Ислам Республикасының дипломатия жолындағы табандылығына тоқталып, Иранның бұл ұстанымда байсалды және тұрақты екенін баса айтты.
Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы дипломатия мен келіссөзді барлық тараптың алаңдаушылығын шешудің жалғыз жолы деп атап, дипломатияға көбірек мүмкіндік беру қажеттігін мәлімдеді.
Кездесу барысында тараптар кеңесті жалғастыруға келісті.
















