Иранның бұғатталған активтері Тегеранға Доха арқылы қолжетімді болады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердегі келісімгер топтың БАҚ делегациясының мүшесі Сейіт Аджорло мәлімдеді.
Аджарло Иранның АҚШ-қа қатты сенімсіздік білдіретіндегіне тоқталып, Иранның бұғатталған активтері Тегеранға Доха арқылы қолжетімді болатынын, төлем жасалғаннан кейін Қатардың жауапты тұлғалары АҚШ-пен өздері есеп айырысатындарын мәлімдеді.
Иранның келісімгер делегациясының ақпарат тобының мүшесі Сейіт Аджорло «Фарс» ақпарат агенттігінің «Саясат көкжиегі” атты арнайы бағдарламасындағы сұхбатта Иран халқының бұғатталған активтерін босату үдерісіндегі Ислам Республикасының негізгі серіктесін Катар мемлекеті деп атады.
Ол Иранның АҚШ-қа қатысты тұрақты сенімсіздігін түсіндіріп: «Бұғатталған активтер Иранның иелігіне өтуі үшін катарлықтар делдал ретінде әрекет етеді. Қаражат аударылғаннан кейін Катар тарапы АҚШ-пен есеп айырысуды жүзеге асыруы тиіс», — деді.
Аджорло келісілген мерзімді баса айтып: «Біз 30 немесе 60 күн ішінде мұнайымызды сатып, бұғатталған активтерімізді қайтарып алуымыз керек.
Халықтың мүлкін қайтару барысында елге ешқандай зиян тимеуі үшін Иранның америкалықтарға деген ұстанымы мүлдем сенімсіз және өте қатаң», — деп қуаттады.












