Иранның баллистикалық зымыраны Тель-Авивтегі Израиль Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтеріне тиді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Израиль Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері Тель-Авивтің орталығындағы Кирия үкіметтік кешенінде, Маткаль мұнарасының жанында орналасқан. Иран Израильдің Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтерімен қатар, Тель-Авивтегі басқа да нысандарға соққы жасады.
Иран Қарулы күштері Басқармасының мәліметінше, Иран 27 америкалық базаға, сонымен қатар Израиль армиясының Ха-Кирия Бас қолбасшылығының штаб-пәтері және Тель-Авивтегі ірі қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне соққы жасады.
Хабарламада: “Операцияның алтыншы толқыны басып алынған аумақтар мен аймақтағы америкалық әскери базаларға зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттарының жаппай шабуылымен жүзеге асырылды”,- деп жазылған.



















