Иранның Жоғары технологиялы әуе-ғарыш компаниясы шамси күнтізбесі бойынша 1404 жылдың бірінші жартысында «Кәусар» спутнигінің жаңартылған нұсқасын ғарышқа ұшырады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Иранның Жоғары технологиялы әуеғарыш компаниясының бас директоры Хосейн Шахраби Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жеке сектордың жетістіктері мен мүмкіндіктері көрмесін аралауы барысында мәлімдеді.
Хосейн Шахрабидің айтуы бойынша “Kәусар” жер серігінің жетілдірілген нұсқасы наурыздан кейінгі алты айдың ішінде ұшырылады.
Иранның жергілікті мамандары жасаған Kәусар 1.5 спутнигі 2024 жылы 5 қарашада ғарышқа ұшырылған «Коусар» және «Ходход» екі жер серігінің жетілдірілген нұсқасы болып табылады.
Жерді қашықтықтан зондтайтын «Кәусар» спутнигі мен «Ходход» спутнигі нақты ауыл шаруашылығын дамытуда шешуші рөл атқарады.












