Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен сұхбатта елінің мәселелерді шешуде әрқашан диалог пен ынтымақтастыққа сүйенеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи Радослав Сикорскиймен телефон арқылы сұхбатта Польшаны Еуропалық Одаққа төрағалық етуімен құттықтап, Польшаның төрағалығы кезінде Иран мен ЕО арасындағы сындарлы өзара іс-қимылға үміт білдірді.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский екіжақты қарым-қатынас мәселелерін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылап, пікір алмасты.
Арақчи Иран мен Еуропаның үш елі арасындағы жалғасып жатқан келіссөздерге сілтеме жасап, Иранның мәселелерді шешу үшін әрқашан диалог пен ынтымақтастыққа негізделген көзқарасты ұстанғанын және сонымен бірге кез келген жағдайға толық дайын екенін айтты.
Польша СІМ басшысы Иран мен Польша арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 550 жылдық тарихы мен достық келісімінің жүз жылға жуық тарихына тоқталып, екі ел арасындағы байланысты достық қарым-қатынас ретінде сипаттады. Сонымен қатар, Сикорский Иран мен Еуропалық Одақ арасындағы келіспеушіліктердің, оның ішінде ядролық бағдарлама мәселесінің шешілетініне үміт білдірді.
Польша 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропалық Одақ кеңесіне төрағалық ете бастады.
















