Иран мен Америка арасындағы жанама келіссөздердің қарастыратын тақырыбы нақты әрі айқын.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иранның келісімгер тобының бір мүшесі Оман астанасы Масқатта Иран мен Америка арасында өтіп жатқан жанама келіссөздердің үшінші кезеңінде тек ядролық және санкция тақырыптарымен байланысты мәселелердің ғана қозғалғанын айтты.
Осы мәлімет бойынша бүгін, сәуірдің 26 күні Оманның арағайындығымен Масқатта жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат онда басталған Иран мен Америка арасындағы келіссөздердің техникалық-сарапшылар деңгейіндегі кезеңінде Иранның ядролық мәселесі мен осы елге салынған санкцияларды жою тақырыбынан өзге ешқандай мәселе көтерілмеген, себебі бұл келіссөздердің тақырыбы нақты әрі айқын.












