Иран мен АҚХА алдағы күндері келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуі мүмкін.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи дүйсенбі күнгі брифингте мәлімдеді.
Исмаил Бақайи АҚХА бас директоры орынбасарының өткен аптада Иранға сапарының мақсатын Израиль мен Американың Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық нысандарына жасаған шабуылдарынан кейін Иран мен агенттік арасындағы өзара әрекеттестік форматын әзірлеу деп атады. Оның айтуы бойынша бұл сапар осындай жағдайларда әрекет етуді дамыту мақсатында жасалды.
Бақайи Иран мен АҚХА арасындағы келіссөздердің кезекті раундының алдағы күндері өтуі ықтимал екенін хабарлады.
Айта кетейік, жуырда Тегеранға ресми сапармен келген АҚХА Бас директорының орынбасары және кепілдіктер департаментінің директоры Массимо Апаро Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен Агенттікпен ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізгеннен кейін бірден қайтты.
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади Тегеранның “Iran” басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.














