Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы бейбітшілік келісімі алдағы 24 сағат ішінде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Шахбаз Шариф бүгін, 13 маусымда Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келісімге тоқталып, Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Бейбітшілік келісіміне бұрын-соңды болмағандай жақын тұрмыз», – деп жазды.
Оның айтуынша, тараптар Таяу Шығыстағы айларға созылған шиеленісті тоқтатуға бағытталған келісімнің негіздемесі бойынша ортақ мәмілеге келген. Келісім қазір соңғы кезеңіне жеткен.
Шаһбаз Шариф Пәкістанның бұл құжатқа электронды түрде қол қою үшін қажет дайындықтарды жасап жатқанын, содан кейін техникалық келіссөздер басталатынын айтты.
Шариф аймақ елдеріне бұл тарихи келісімнің тұрақты бейбітшілік үшін берік негіз қалайтынына сенім білдіретінін мәлімдеді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бірнеше минут бұрын Пәкістан Премьер-министрі Шаһбаз Шарифтің АҚШ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы алғашқы бейбітшілік келісімінің жақындағаны туралы мәлімдемесін «Truth Social» әлеуметтік желісінде бөлісті.
Айта кетейік, Пәкістан Иран Ислам Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы жанама келіссөздерде негізгі делдал ретінде әрекет етіп отыр.












