Иран мен АҚШ арасындағы Римде өткен жанама келіссөздердің екінші кезеңі аяқталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Оман Сұлтанатының арағайындығымен Римдегі Иран дипломатиялық өкілдігінде өткен Иран мен АҚШ делегацияларының жанама келіссөздерінің екінші кезеңі аяқталды.
Бұл келіссөздердің үшінші кезеңі келесі аптада өтеді. Алдағы аптада тараптар жаңа келісімнің техникалық негіздемесін дайындауға кіріседі.
Римдегі келіссөзді Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф жүргізді.
Айта кетейік, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Арақчи бастаған ирандық делегация 18 сәуір, жұма күні кешке Италия астанасы Римге АҚШ-пен жанама келіссөздердің екінші кезеңін өткізу үшін келді. Бұл келіссөздердің бірінші кезеңі 12 сәуірде Оман астанасы Масқат қаласында өткен болатын.



















