Иран мен Америка Құрама Штаттарының делегациялары осы аптада Исламабадта келіссөз жүргізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран делегациясын Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф бастап баруы мүмкін.
Ал Вашингтон тарапынан Пәкістанға Ақ үйдің арнайы өкілі Стивен Уиткофф, Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер және вице-президент Джей Ди Вэнс те барады деген сөз бар.
Журналист Барак Равидтің мәліметінше, Түркия, Мысыр және Пәкістан Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келіссөздерде делдал ретінде әрекет еткен.
Айта кетейік, Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ пен Иран арасында Таяу Шығыстағы соғыс қимылдарын толық және сөзсіз тоқтату туралы өте жақсы әрі сындарлы келіссөз өткенін жазды.
Трамп кеше, 23 наурыз күні Пентагонға алдағы бес күнде Иранның энергетикалық инфрақұрылымына шабуылдау жоспарын бес күнге шегеруді тапсырды. Оның айтуынша, алдағы шешімдер қазіргі кездесулер мен талқылаулардың барысына байланысты болмақ.
Алайда, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф пен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін, АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізілмегенін мәлімдеді.












