Иран президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Мохбер екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 1 миллиард долларға жетуі мүмкін екенін айтты.
ИРНА агенттігінің хабарлауы бойынша бұл пікірін ол сейсенбі күні Минскіде Беларусь премьер-министрімен кездесуінде білдірді.
Иранның вице-президенті: «Жаһандық тұрғыдан алғанда, Иран мен Беларусь екі ел арасындағы ынтымақтастықты бұрынғыдан да күшейтуі керек. АҚШ-тың әлемдік жүйедегі әлсіздігі мен халықаралық теңдеулердің бұрынғымен салыстырғанда түбегейлі өзгеруіне байланысты Иран және Беларусь долларсыздандыруға көшуі керек.
Иранның стратегиясы сіздің елмен экономикалық және саяси қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған. Біз әрқашан оң көзқарасты байқадық. Бірақ, өкінішке орай, біздің экономикалық қарым-қатынастарымыз саяси деңгейге сәйкес келмейді», — деді.
Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко өз кезегінде Беларусь пен Иран арасындағы қарым-қатынастың қазіргі уақытта өркендеу үстінде екенін атап өтті.
Роман Головченко: «Сіздің сапарыңыз сауда-экономикалық, өнеркәсіптік кооперация, инвестициялық кооперация, мұнай-химия, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы жобалар бойынша өзара іс-қимылға бұдан да үлкен серпін береді деп күтеміз. Сіздің сапарыңыз сондай-ақ достықты, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді», — деді.












